Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 112 адам қайтыс болды
2021 ж. 09 тамыз
1995
0
Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 112 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Қазақ үні" ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
7 тамыз күні елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы және 28 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 135 адам емделіп шықты. 13 наурыздан бүгінге дейін: ауырғандар – 63 442, қайтыс болды – 3915, жазылып шықты – 55 723 адам.