Қазыбек Иса. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ ҮЙРЕТЕТІН ОДАҚТАР мен ИТ ҮЙРЕТЕТІН ОДАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫ БІРДЕЙ?..
2021 ж. 19 шілде
3262
0
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” фракциясы мүшесі Қазыбек Иса шығармашылық одақтарға статус беруді ұсынды
Шығармашылық одақтардың жағдайы мүшкіл. Себебі әлі күнге дейін оларды тұрақты қаржыландыру көзі жоқ. Осы мәселе жазушылардың, композиторлардың, суретшілер мен театр қайраткерлерінің Мәжіліс депутатымен кездесуінде талқыланды.
Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы хабарлады.
Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен шығармашылық одақтардың жұмысын қолдау мақсатында қор құрылып, бюджеттен 257 миллион теңге бөлінген. Десе де бұл қаражат игерілмей қалған. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мұның басты себебі, заң тетіктерінің әлі күнге дейін шикілігінде дейді.
Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жазушылар одағы, композиторлар, театр қайраткерлері, суретшілер одағы болсын ұлттық рух беретін, ұлттық тәрбиеге үйрететін одақтармен ит үйрететін одақтардың заңдық жағдайы бірдей. Бізде қазір 22 мың ұйым бар. Соның барлығы бірдей. Сондықтан бұлардың өз алдына жеке мемлекеттің стратегиялық серіктестігі деген статус ұсынуымыз керек.