Жыл соңына дейін Қазақстанда 140 мың адам көгілдір отынға қол жеткізеді
2021 ж. 30 маусым
1467
0
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев елді мекендерді газдандыру жұмыстары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің алдымызда тұрған елеулі бір үлкен мәселе – елді мекендерді газдандыру. Қазіргі таңда оның көрсеткіші – 53,07%. Яғни, 9 млн 840 мың адам көгілдір отынды қолдана алады. Былтыр 38,5 млрд теңгеге 51 жоба ісе асырылып, 2723 шақырым жаңа газ құбыры тартылды. Қазіргі таңда министрлік бұрын салынғанымен, мердігерлердің балансынан мекемелерге берілмеген газ құбырларын алу мәселелерімен тығыз айналысып жатыр. Былтыр жалпы құны 92 млрд теңге болатын 427 нысанды газ тасымалдайтын арнайы мекемелерге беруді ұйымдастырдық», - деді Энергетика министрі ел алдындағы есептік кездесуінде.
Нұрлан Ноғаев жыл соңына дейін бұл көрсеткішті арттыру түсуге мүмкіндік бар екенін атады.
«Біздің жоспарымыз – жыл аяғына дейін елді мекендердің газбен қамтылуын 53,8 пайызға жеткізу. Соның нәтижесінде қосымша 140 мың адам көгілдір отынның рахатын көруге мүмкіндік алады», - деді министр.