Қызылорда облысының су шаруашылығы ардагерлері Ислам Әбішевті босатуды сұрады
2021 ж. 20 мамыр
2292
1
Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қалалық сот алқасына
Біздің бүгінгі сізден бостандыққа шығару үшін өтініш жасап сұрап отырған азамат Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстар комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әлмаханұлы Әбішов.
Қазақта жақсы сөз бар «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей. Ислам Әлмаханұлы жоғарыдағы лауазымда қызмет атқарып тұрған кезде сушаруашылығы үшін Қазақстанда қарқынды даму процесі болды. Бірнеше гидротехникалық құрылыстары жаңадан салынып, бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген су жүйелері қайтадан жөндеуден өткізіліп, трансшекаралық өзендерге Қазақстанға тиісті алынатын судың көлемі өз дәрежесінде шешіліп отырды. Ислам Әлмаханұлы қай салада қызмет атқарса да тәуелсіз Қазақстан еліміздің экономикасының өсуіне сүбегейлі үлес қосып, халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде шешіп, елдің сүйікті азаматы бола білді. Соның бір көрінісі Сыр елі үшін жасаған еңбектеріне тоқтала кетсек:
Өзіңізге белгілі Сыр өңірінің егістік жерлерінің 98 пайызы суармалы, сондықтан Сырдария өзенінің суына тікелей тәуелдіміз. Бұл мәселені Ислам Әлмаханұлы көрші елдермен арадағы ағын су мәселесін уақытылы шешілуін қамтамасыз етіп отырды. Сыр елінің егіншілерінің егістіктерін жаз айларында судан қалдырмау және қыс айларында Сырдария өзеніне түсетін мол судан төтенше жағдайды болдырмау мақсатында «Көксарай» су реттегішінің салынуына зор үлесін қосты. Сондай-ақ жаз айларында Сырдария өзеніндегі судың деңгейінің аз болуына байланысты Жаңақорған және Шиелі аудандарының тұсынан Сырдария өзенінің бойына су тіреуіш плотиналарының салынуын қамтамасыз етті.
Облыстағы көлдер жүйесіне баратын су жолдарының тазалануына экологиялық жағдайдың жақсаруына, көлдер жүйесінде балық шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты.
Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше түтікті құдықтар қазылып, елдің алғысына бөлене білді. Арал, Қазалы аудандарына «Сарыбұлақ» жерасты, Жаңақорған, Шиелі аудандарын «Жиделісай» жерасты таза ауыз сумен қамтамасыз етуде қаржылы еңбек етті.
Бүгінгі таңда бірден-бір Қазақстандағы облыс 85-90 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Сондықтан Сыр елі халқы Ислам Әлмаханұлы Әбішовтың жасаған адал еңбегін бағалай отырып, бүгінгі И.Ә.Әбішовтың басына түсіп жатқан қолайсыз жағдайдың әділ шешімін тауып бостандыққа шығуына көмектесулеріңізді сұраймыз.
Қызылорда облысының ардагерлері және мәслихат депутаттары:
Құрметпен:
Б.Жақып
Су шаруашылығының ардагері
С.Сағымбаев
Су шаруашылығының ардагері
М.Капанов
Су шаруашылығының ардагері
Ж.Нұрымбетов
Су шаруашылығының ардагері