Баян Алагөзова жарнамалаған қаржы пирамидасын құрған адам ұсталды
2021 ж. 18 мамыр
896
0
Алматыда ірі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол 1982 жылы туылған К. деген азамат. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айып тағылды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, - деп жазды Рүстем Әбдірахманов Facebook-тегі парақшасында.
Құзырлы өкіл бір топ азаматтың Алматы қалалық полиция департаментіне қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша "ASTEX.KZ" ЖШС, "ACD technology" ЖШС және "MUDARABAN Capital" ЖШС басшыларына қатысты ұжымдық өтініш түсіргенін еске салды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында 2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта аталған ЖШС-лардың лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысуға талап етілген қаражатты тарту мақсатында бірлескен қызмет туралы келісімшарттар жасағаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әр салымшыға салынған жарна сомасының 20% төлеп отыруы керек болған, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 160 салымшының "ASTEX.KZ" ЖШС-дегі шамамен 1 миллиард теңге көлеміндегі қаражаты оның агент компаниясы - "MUDARABAN CAPITAL" ЖШС арқылы аударылғаны анықталды.Сондай-ақ, полиция қызметкерлері "ASTEX.KZ" ЖШС мен "ACD technology" ЖШС-ға салымшылар ақшасын аударған басқа да компанияларды анықтады.Әбдірахманов атап өткендей, 1974 жылы туылған М. мырза қаржылық пирамиданы құрып, басқарды деген күдікке ілінді.Оны ұстау үшін жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілді.
Сот жоғарыда аталған ЖШС-нің заңды мекен-жайлары бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы шешімдерге санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілеріне тапсырылды, - деді ол.
Бұған дейін Алматы полициясы "ASTEX.KZ" инвестициялық компаниясының жетекшісі Алмаз Құрманғалиевті іздестіріп жатқандығы хабарланған болатын. Компания тендерлердегі ақшаны "айналдыруды" ұсынған, ал оның орнына салымшыларға ай сайын жоғары пайыздар төлеуді уәде еткен. Жәбірленушілер өздерін "лақтырып кетті" деп санайды, сонымен бірге олар компанияны продюсер Баян Алагөзова жарнамалағандықтан, ақша салғандықтарын айтуда.