Сұмдық! Дәрігер коронавируспен ауырған адамның қоюланған қанын көрсетті (ФОТО)
2021 ж. 14 мамыр
1680
1
Делидегі клиниканың хирургі Амбариш Сатвик Twitter-де COVID-19 вирусын жұқтырған науқастан алынған қанның қалай ұйығаны туралы суретті жариялады, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Дәрігердің айтуынша, коронавирус жұқтырған науқастарда осындай қан ұйығыштары (тромб) пайда болуы мүмкін көрінеді.
«Инфаркт, инсульт немесе қан ұйығышынан аяқ-қолдарының ампутациясы 2-ден 5 пайызға дейін мүмкін болады», - деп жазды ол.
Сонымен қатар, хирург осындай тромбты алып тастаған соң, науқастың бір аяғын сақтап қала алғандарын атап өтті.