30 жылда қазақша 30 сөз жаттамаған шенділерден қайыр жоқ - Марина Сахарова
2021 ж. 06 сәуір
4636
2
Ұлты орыс, тілі мен ділі қазақ тележүргізуші Марина Сахарова инстаграм-парақшасында @marinaa_sakharova қазақша екі сөздің басын құрай алмайтын шенділерді сөзбен түйреп өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды. Алайда, осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекет тілінде сөйлемеуі қынжылтады. 30 жылда 30 сөзді мүдірмей айтуды үйренбеген, мемлекеттің тіліне немқұрайлы қараған басшылар ел алдына шығып, қазақша сөйлеуге неге ынталы емес? "Алдыңғы арба қалай жүрсе, артқы арба солай жүреді". Елдің арасынан суырылып шыққан, жұрттың мұң-мұқтажын ескеретін билік басындағы ел ағалары қазақша есеп берсе, бұл әрине барлығымызға үлгі болар еді. Өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратын кез келген адам ұлтына қарамастан, қазақ тілін білуі, насихаттауы тиіс. Бұл дарқан пейілді қазақ халқына деген адалдығымыз болмақ, - дейді Марина Сахарова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram