"Мамасита" атымен танымал блогер 5 млн адам жазылған аккаунтынан айырылды
2021 ж. 10 наурыз
3524
0
Интернетте super.mamasita атымен танымал блогер Әлия Байтуғаеваның аккаунтын Instagram бұғаттады, деп хабарлайды "Қазақ үні".
33 жастағы үш баланың анасының парақшасына 5 миллион адам жазылған болатын.
Бұрын әлеуметтік желі оның есептік жазбасын бірнеше рет бұғаттаған болатын, бірақ Super Mamasite оны қалпына келтіріп үлгерді.
Алайда, блогердің өзінің айтуынша бұл аккаунтты енді қалпына келтіру мүмкін емес.
Әлеуметтік желіге жылап жатқан видеосын салған блогерлерге желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр. Біреулер қолдау көрсетіп жатса, енді біреулер "Аккаунт иманды болсын" деп әзілдеуде.