Ақтөбеде оқушы қызға АИТВ жұқтырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
2021 ж. 24 ақпан
1283
0
Ол кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қарым-қатынаста болғаны және оған АИТВ жұқтырғаны үшін сотталды. Бұл туралы " target="_blank" rel="nofollow noopener">AstanaTV хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, айыпталушы өзінің АИТВ-пен ауыратынын білген. Соған қарамастан, күдікті екі жыл бойы оқушы қызбен жыныстық қатынаста болған. Сотталушы өз кінәсін мойындады.
Ақтөбе облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жетекші маманы Жұлдыз Сайманова: «Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 118-бабы, 3-бөлігі, 122-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 14 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді.