БҚО-да электр энергиясымен қамтуға бөлінген жарты миллиард теңге жымқырылды
2021 ж. 03 ақпан
1009
0
[caption id="attachment_155473" align="aligncenter" width="696"] Фото: Тengrinews.kz[/caption]
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 540 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатының жымқыруын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ведомство бұл қаражаттың "БҚО Орал қаласындағы тұрғын аймағының ЕЖЖ электр энергиясымен қамтамасыз ету" нысанын салуға арналғандығын анықтады.
Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Өткен жылы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 309 қылмыстық іс қозғады.