Жер мәселесі жөніндегі арнайы комиссия құрамына кімдер кіреді?
2021 ж. 02 ақпан
1903
0
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
Биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға және қазақстандықтарға жеке меншікке беруге 2016 жылы енгізілген мораторий мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысы Жер комиссиясын құрып, қарашаға дейін Жер кодексіне түзетулер қабылдауды тапсырды, - деді ол.
Сапархан Омаров жер мәселелері жөніндегі арнайы комиссияны құру жұмысы басталып кеткенін айтты.
Оған барлық мүдделі тарап, оның ішінде Мәжіліс пен Сенат депутаттары, агробизнестің, одақтар мен қауымдастықтардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, облыстар әкімдіктерінің өкілдері және басқалар кіреді. Жер комиссиясының жұмысы және ұсынылған пікірлерді талқылау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу бойынша бірыңғай тұжырымдамалық тәсілдемелер әзірленіп, олар жаңа заң жобасының негізін құрайтын болады, - деді ол.
Ол атағандай, аталған заң жобасын әзірлеу Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарында көзделді.