Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
2021 ж. 18 қаңтар
1292
0
Қазақстан Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Карин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
16 қаңтарда ол қазақстандық вакцинаны екінші рет салдырған.
«Сонымен бүгін QazCovidIn вакцинасы екінші рет егілді. Вакцинацияның талабына сәйкес 21-22 күннен кейін екінші рет егілу керек. Мысалы, қытайлық вакцина 26-28 күннен кейін екінші рет егіледі. Бұл организмдегі иммунитетті күшейту үшін керек. Алдағы үш күнде су тигізбеу керек, спортмен айналысуға болмайды», – деп жазды ол.
Ол бірінші екпеден кейін қандай да бір жағымсыз әсер болмағанын айтты.