Испанияда қозғалған «орыс мафиясы» ісі бойынша Қазақстан азаматы ұсталды
2020 ж. 17 желтоқсан
1820
0
[caption id="attachment_154081" align="aligncenter" width="615"] Көрнекі сурет. Ғаламтордан алынды.[/caption]
Испанияның полиция қызметкерлері 23 адамды ұстады. Олардың ішінде Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтар «орыс мафиясының» ақшасын жылыстатқан адамдар ретінде күдікке ілінген.
«Ондағы полиция қызметкерлері істің мән-жайын хабарламай отыр. Бірақ бұл іс «Шығыс Еуропа мафиясына» қарсы кейінгі жылдардағы ең ірі операция. Ұсталғандардың «иерархиялық деңгейі жоғары» екені белгілі болып отыр», - делінген хабарламада.