Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
2020 ж. 10 желтоқсан
1411
0

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялаған Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицада айтылған.
Сонымен, орталықтың бағалауынша, «қызыл» аймақтан Солтүстік Қазақстан облысы шыққанымен, Нұр-Сұлтан қаласы кірген. Елордамен қатар Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.
Ал «сары» аймақта Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.