Пайдаланбаған жер мемлекетке қайтарылды
2020 ж. 09 желтоқсан
1782
0
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау үшін мониторинг жұмыстары жүргізілген.
Нәтижесінде 157 азаматтың 8689,66 гектар жерді пайдаланбай жатқандығы белгілі болды. Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 86 жер иесі 6427,66 гектар жерін игеруді бастады. Ал, 14 адамның 251,42 гектар жері мемлекетке қайтарылған. Қазіргі таңда, қалған тұлғалардың игерілмей жатқан жерлері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы ауданда ағымдағы жылдың 11 айында жер телімдерін жалға беруден түсетін түсім 11 млн 741 мың теңге болып жоспарланса, қазір бұл көрсеткіш 10 млн 574,8 мың теңгеге орындалып, жоспар 90,1 пайызды құраған.
Айта кетейік, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 4 рет конкурс өткізілген. Нәтижесінде 62 жеке және заңды тұлғаларға 5544,3 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі жалға беріліп, қайта айналымға енгізілді.