Қазақстандықтарға Ресейдің "Спутник V" вакцинасы қашан салына бастайды
2020 ж. 07 желтоқсан
1170
0
Асқар Мамин Мемлекет басшысына Қазақстанда ресейлік Sputnik V вакцинасы өндірісінің жақында қолға алынатындығын жеткізді, деп хабарлайды "Қазақ үні".
"Осы жылдың 22 желтоқсанынан бастап Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру қолға алынады. 2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр" делінеді Ақорда хабарламасында.
Алғашқы кезеңде тұрғындардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдардың қызметкерлері қамтылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты берілген тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдіріп, дәрінің тиімділігіне баса мән беруді және тұрғындарға қол жетімді болуын бақылауда ұстауды тапсырды.