Мемлекеттік тіл күрескеріне жындыхана дәрігерлерін шақыртқан шенеунік қызметінен босатылды
2020 ж. 27 қараша
9583
22
Мемлекеттік тіл мәселесімен әкімдікке келген қоғам қайраткері, «Тіл жанашыры» Құрмет белгісінің иегері Руза Бейсенбайтегіне жындыхына қызметін шақыртқан Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаров (фотода) қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
[caption id="attachment_153554" align="alignright" width="135"] Оңғаров. Сурет ашық дереккөзден алынған.[/caption]Бұл туралы ОКҚ брифингінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты.
Аймақ басшысына психиатриялық аурухананың дәрігерлерін белсендіге шақырған әкім аппаратының басшысын жазалауға қатысты сұрақ қойылды.
Белсенді Руза Бейсенбайтегі әкімдіктегі қабылдауға мемлекеттік тілде оқыту мәселесімен келгені белгілі.
Осы сұраққа жауап бере отырып, Әбілқайыр Сқақов бұл басшының қызметінен босатылғанын айтты.