Коронавируспен ауырғандарға қатысты соңғы ақпарат жарияланды
2020 ж. 23 қараша
967
0
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 386 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 644 бала бар. Стационарларда 3 225 науқас жатыр. 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 200 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады, - делінген министрліктің ресми сайтында.
Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.
* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)