Ауыл тұрғындары шошқа фермасының жабылуын талап етті – видео
2020 ж. 20 қараша
1445
0
Ақтөбе облысының тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етті, – деп хабарлайды AstanaTV.
Айтуларынша, ауыл маңына қоныс тепкен доңыздар, халықты әбден мезі еткен. Айнала тезекке толған. Ал қолқаны қабатын жағымсыз иіс қар жауса да басылмай тұр. Талпақ танаудың ішек-қарындары көмілген жерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Ауыл тұрғыны осыны айтып әлеуметтік желіде араша сұрады. Белгілі болғандай, шошқа қалдықтары 900 шаршы метр аумақты алып жатыр. Бастамақ ауылының тұрғындары 12 жылдан бері жанайқайға құлақ асар жан таппағандарына ашулы. Олар әу-баста кәсіпкердің бұл жерге түйеқұс өсіремін деп рұқсат алғанын айтады.
Ерболат КЕНЕТАЕВ, БЕСТАМАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Түйеқұс ұстаймыз деді. Оның аяғы не болып кетті. Бір емес екі емес 26 баз бар. Бір базда мыңдаған шошқа бар. Соның қалдықтарын әкеліп төккенде мына Бестамақ, жалғыз біз ғана емес Бесқопа, Қарағаш, Алғаға дейін тіпті иіс деген мүмкін емес.
Гүлнәр АЙТЖАНОВА, БЕСТАМАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мына шошқаның иісін құртындар деп жатырмыз. Суымыз лас, ауамыз лас. Далаға терезе аша алмаймыз. Иіс тұрғанымен кір жая алмаймыз далаға. Бұқараның айтуынша 40 мың шошқа өсіретін үлкен ферма, күн сайын 280-і жануарды етке өткізу үшін бауыздайды. Ал оның зардабы ұшан-теңіз деді.
Нұрым ҚҰМАРОВ, ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Бізде экструдерлер сынып қалып сосын колустический содамен араластырып, көміп тастады. Жиырма күн болды. Запчасти келіп болмай сол үшін солай. Аудан әкімі жағдайдан хабардар. Ол арнайы комиссия құрып, тексеріс жүргіземіз деді.
Мамырғалы АҚҚАҒАЗОВ, АЛҒА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Біраз кемшіліктер анықталды. Арнайы келген комиссия кемшіліктерді тексереді. Содан кейін қорытындысы бойынша дело сотқа беріледі. Соттың шешімімен ғана мекемені тоқтатуға болады. Шошқа фермасы жабылы ма, жабылмай ма ол жағы әзір белгісіз. Ал тұрғындар ферманың көзін жою үшін аянып қалмаймыз деп отыр.