«Көмек» еріктілер қозғалысының игі істері
2020 ж. 13 қараша
1317
0
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды «Волонтерлар» жылына арнады. Жастар жылының толыққанды жалғасы ретінде еріктілерге ерекше көңіл бөлінуін жастарымыз ерекше қабылдады. Әлемнің үздік 165 университеттер қатарына кіретін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тек студенттердің ғылым мен білім алуына емес, сонымен қатар әлеуметтік жағдайын маңыздылығын мойындап отыр. Университет әр студенттің әлеуметтік жағдайын назарда ұстап отыр. Арнайы бөлінетін әлеуметтік пакеттермен, тағайындалатын шәкіртақылармен әлеуметтік осал топтағы студенттерді қамтып отыр. Сабағын «өте жақсы» оқитын ақылы бөлімдегі студенттерге университет тарапынан арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Сол сияқты оқу жылы барысында өзінің оқу-ғылыми, қоғамдық жұмыстарды белсенділік көрсеткен көшбасшы жастарымызға Ыстық көлге, арнайы демалыс-сауықтыру орындарына жолдама тағайындаймыз. Университеттегі «Түлектер ассоциациясы» жыл сайын үздік 15 студентке арнайы шәкіртақы тағайындайды. Осы тұста ҚазҰУ Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асырып отырған университет. Өйткені, жас ғалымдарға арналған «Жас ғалымдар үйі» бой көтерсе, алда 1600 студентке арналған жаңа жатақхана жоспарлануда.
ҚазҰУдағы студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің озық моделі ұйымдастырылғаны барлықтарыңызға мәлім. Бүгінде бұл универсиетте 5 мыңға жуық еріктілермен бірге көптеген жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай ұйымдастырылған бабамыздың «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің негізінде жолданған «Қайрымды қоғам» эстафетасы. Бұл эстафета еліміздің барлық аймағында қолдау тауып, көптеген қайырымдылықтың, ізгі амалдардың себепкері болып отырған жайы бар. ҚазҰУ жастары тек бұл жобамен тоқтап қалмақ емес. Бүгінгі таңда барлық ғаламды қамтыған ауыр індет біздің елімізді де айналып өтпеді. Осы дүние жүзін дүрліктіріп тұрған короновирус індетінің таралуымен күресу мақсатында шұғыл шаралар әлі күнге дейін іске асырылып жатқаны белгілі. Сондай шараларадан біздің қарашаңырағымыздың жалынды жастары қапы қалмай, карантин барысында барынша халыққа қолдан келгенше көмек қолын созып, еріктілік қызметін тоқтатқан жоқ.
Университет қабырғасында Жастар ұйымдары комитетінің қолдауымен «Көмек» еріктілер қозғалысы өз жұмыстарын атқаруда. Биылғы жылы еріктілеріміз көп жұмыс атқарды. Атап айтатын болсақ:
Мақтарала ауданындағы төтенше жағдайға байланысты тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетті.
«Қайырымды қоғам» эстафетасы аясында жағдайы төмен 35 отбасыны 1 айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті.
"Нұр"балалар үйінің асханасының жөндеу жұмыстарына көмектесу мақсатында "Шамшырақ"қайырымдылық концерті өткізді.
"Қарттарды аялайық"жобасы аясында қарияларымыздың көңіл-күйін көтеру мақсатында концерттік бағдарламалар жасап,қарттармен сырласу өткізді.
"Біз біргеміз"акциясы аясында еліміздегі қиын жағдайға байланысты азық-түлік қажет отбасыларды қамтамасыз етті.
Бұдан бөлек, карантин уақытына қарамастан, Атырау қаласындағы «Дом Малютки», Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы”Аягөз балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы”коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «Береке» балалар үйіне, Интеллектуалды дамуы бұзылған балаларға арналған №6 арнайы (түзету) мектеп-интернатына, «SOS» балалар үйіне, «Нұр» балалар үйіне көмек көрсету мақсатында көптеген жобалар ұйымдастырылып, жүзеге асты.
Сонымен қоса, Алматы қаласының көшелерінде әлеуметтік көмек көрсету мақсатында таң атысымен шығатын жұмысшыларды қуантып,ол кісілерге ыстық шәй және кофе тарату жұмыстары да жүргізілген болатын. Бүгінде университет белсенділер «Көмек»ҚҚ - ның «10 жылдығына байлансыты 100 отбасыға» көмек атты қайырымдылық эстафетасын жүзеге асыруда.
Қазақ үні