Елімізде қоғамдық келісімді дамытудың жаңа кезеңі басталды - Ерлан Бәтташұлы
2020 ж. 09 қараша
994
0
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде онлайн форматта «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: ғылыми-білім беру, қоғамдық-маңызды және әлеуметтік миссияны дамытудағы ҚХА кафедралары» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері В.Божко, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, Л.Н.Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Н.Калашникова, ҚХА өңірлік кафедраларының, колледждер мен жалпы білім беру мектептеріндегі бейбітшілік және келісім орталықтарының меңгерушілері, Ассамблея мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, аталмыш кездесуді ұйымдастыруға ықпал еткен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлына алғысын білдіре отырып:
«Қазіргі уақытта елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін дамытудың жаңа кезеңі басталды.
Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының алдында ауқымды мақсаттар мен міндеттер тұр.
Қоғамның бірлігі мен тұтастығын нығайтуға үлес қосу, жастарға патриоттық тәрбие беру және мемлекет жүргізіп отырған этносаясат рухында оқыту саласында Қазақстан халқы Ассамблея кафедралары қауымдастығының рөлі ерекше екенін атап өту қажет.
Бүгінгі кездесуде Қазақстан халқы Ассамблея кафедралары жайлы, олардың жұмысын жаңа белеске көтеру мәселелері жан-жақты талқыланады деген сенімдемін», - деп атап өтті.
Кеңейтілген отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары қауымдастығының есептік кезеңдегі қызметі және білім беру саласындағы даму бағыттары, қауымдастықтың ғылыми әлеуеті және қолданбалы жобаларды іске асыру мәселесі, ҚХА кафедрасының этномәдени бірлестіктермен өзара байланысы, ҚХА кафедрасының жастарды топтастырудағы рөлі талқыланды.
Жиын соңында бірқатар тапсырмалар беріліп, Қаақстан этностарының арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша ұсыныстар жасалды.