ҚР Президенті 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады
2020 ж. 23 қазан
1194
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялау туралы шешімімді айттым. Бұл өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында өтеді», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Еске салайық, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті.
Отырыс барысында Президент ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай пікір білдіріп, қазір осынау маңызды тарихи датаға орай көптеген салтанатты шара өткізетін уақыт еместігін атап айтты.
«Біз маңызды істерді ұзаққа созбай, қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек», - деген болатын Мемлекет басшысы.