Көппартиялық демократияның негізі қалануда - "Ақ жол"
2020 ж. 23 қазан
1363
0
Қазақ елі! Көппартиялық Демократияны "Ақ жол" партиясымен бірге қалыптастырайық!
Демократия деген түсінік екі латын терминінен құрастырылған: "демос" және "кратос", "демос" - халық, "кратос"- егеменділікті білдіреді. Қысқаша айтқанда - ДЕМОКРАТИЯ - ЕГЕМЕНДІ ЕЛДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ.
Тәуелсіздік күнінен бері, отыз жылға жақын уақытқа созылған тек бірпартиялық жүйе кетіп, көппартиялық демократияның негізі қалануда. Маслихаттардың депутаттары да әртүрлі саяси партиялардан сайланатын болды. Әрине, бұл демократизацияның бірінші нышаны ғана, терең өзгерістер келешекте күтілуде.
Әлі де биліктегі олигархиялық және бюрократиялық күштер жаңа демократиялық, халықшыл күштермен орын бөліскісі келмеуде.
Сонда да ең маңыздысы - санадағы өзгеріс. Елдің дамуына бағытталған талаптар қоғамның әртүрлі топтарынан келуде. Реформалардың қажеттілігі, әділетті қоғам арманы елдің жүрегінде орын алған.
Осы сайлауға біз - Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы елдің армандарын іске асыру мақсатымен таза жүрек, ізгі ниетпен жолға шықтық.
Саяси партия ретінде, біздің қазақ еліне айтарымыз бар:
Егер Отанымыздың көркеюін, коррупцияның болмауын, оффшордағы ұрланған ақшалардың қайтуын қаласаңыз - бізді қолдаңыз!
Ұлт мүддесінің қорғалуын, ана тіліміздің өзіне лайық тұғырына отырғанын қаласаңыз - бізді қолдаңыз!
Жеріміздің үсті - астындағы қазынасы алдымен елдің қажетіне қолданылсын, жер сатылмасын десеңіз - "Ақ жол" партиясын қолдаңыз!
Партияға мүше болыңыздар, депутаттыққа үміткерлер қатарына кіріңіздер, өзгерістерді бірге жасайық! Партияда қазақтың саны көбейсін, ел мен жердің келешегі сіздің қолыңызда, тайсалмай іске кірісейік. Ешкім сырттан келіп біз үшін ел жағдайын түзетіп бермейді. Қатарымызды көбейтейік.
Қарағанды облыстық филиалының мекенжайы: Назарбаев көшесі 37 үй, офис 111, байланыс тел: 91-00-57, 87712632135, электрондық поштамыз: akzhol.karaganda@mail.ru
"Ақ жол" партиясының Қарағанды филиалынан