Түркістан облысында 23 жасар келіншек 6 баланың анасы атанды
2020 ж. 06 қазан
1140
0
Түркістан облысы Сарыағаш қаласының 23 жасар тұрғыны үшемді өмірге әкелді. Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Төребек Төрегелдіұлы жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
"Сарыағаштық 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды. Дербісек ауылының тұрғыны Еркінай Есенбаева тұңғышын 18 жасында босанған. Бұған дейін 1 ұл, 2 қызы бар отбасыға тағы Ақжан, Маржан, Бақжан есімді нәрестелер қосылды. Қазақтар көбейе берсін", - деп жазды журналист.
Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл қуанышқа ортақасып, бауы берік болсын айтып, құттықтап жатыр.
"Қандай қуаныш! Керемет! Аман, бақытты болып өссін періштелер! Шын жүрегіммен қуанып отырмын", "Қазағымның саны арта берсін!", "Сол балаларының қызығын көрсін!", - деп жазды желі қолданушылары.