"Елорда 15 қазаннан бастап жабылады": ДСМ ақпаратқа түсініктеме берді
2020 ж. 05 қазан
1142
0
15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылатыны туралы ақпаратқа қатысты ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 2020 жылдың 15 қазанынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылатыны және қала аумағында блокпостар қойылатыны туралы Whatsapp мессенджерінде тараған ақпаратқа қатысты келесіні мәлімдейді:
Аталмыш ақпарат шындыққа жанаспайды және Нұр-Сұлтан қаласын 15 қазаннан бастап жабуға және оның айналасында блокпостар қою туралы мәселе бүгінгі уақытта қарастырылып жатқан жоқ.
Құрметті азаматтар!
Әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенбеуді және ақпараттың ресми дереккөздеріне сүйенуді сұраймыз: ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіні бақылау комитетінің ресми сайты және Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтына, сондай-ақ Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына.
Еске салайық, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - делінген таратылған мәліметте.