Тоқаевтың жарлығы қоғамдық талқылауға шығарылды
2020 ж. 21 қыркүйек
970
0
"Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" президент жарлығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Жоба электронды үкімет сайтында жарияланды.
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру жоспарланып отыр.
Мемлекеттік комиссия құрамы мен ережелерін бекіту, жарлықты орындауды бақылау Президент әкімшілігіне тапсырылды.
Комиссия президент жанындағы консультативті-кеңесші орган болады деген болжам бар. Конституция мен Қазақстан заңдарына негізделеді.
Жоспарға сәйкес, мемлекеттік хатшы комиссия төрағасы болады.
Комиссия құрамына ғалымдар, мемлекеттік органдардың жетекшілері, ұлттық және мемлекеттік архив, қоғамдық ұйым өкілдері енеді.
Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі: 2020 жылдың 5 қазанына дейін.
Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.