КЕЛІНДІ КИНОДА ҰМЫТТЫРҒАН "ҚАЗАҚ ҮНІ"...
2020 ж. 16 қыркүйек
1650
1
Көбей менің шәкіртім, өте бір аңғал, Қожанасырлау жігіт. Арқалықтағы институтты бітіргесін Астанадағы Еуразия университетінде магистратурада оқыды. Жаңа үйленген кезі, келінді ертіп киноға барады. Кино бастала берген сәтте есіне пойыздан "Қазақ үні" газетін күтіп алу керектігі түседі. Келінге "сен кино көре бер, мен газетті күтіп алып, қайта келем"-деп вокзалға тартады. Вокзалға келсе, пойыз жоқ, газет беріп жіберетін жігіттерге хабарласса, газет ол күнгі емес, келесі күнгі пойызбен келеді екен. Сөйтіп тұрғанда телефонның қуаты өшеді. Газеттің шаруасымен басы айналған Көбеш, кинодағы келінді мүлде ұмытып үйіне қайтады.
Әлқисса енді келінге келейік, кино бітеді, кинодан шыққан келін Көбешке звондаса, телефоны өшіп тұр. Үйге қайтайын десе, ақшасы жоқ, амалсыз Көбейдің досы Елдос Тоқтарбайға хабарласып, Елдос келінді үйге жеткізіп салады. Үйге келсе, Көбекең шайды сораптап отыр дейді, оның үстіне Елдосқа күманмен қарап, келінге "түн жарымға дейін қайда жүрсің" деп ұрсатын көрінеді...
Қазыбек аға, сөйтіп "Қазақ үні" газетінің менің шәкірттерімді біраз әуреге салғаны бар...
Айбек ҚАЛИЕВ