FlyArystan ақауы бар ұшаққа отырудан бас тартқан жолаушыларға билет құнын қайтармады
2020 ж. 09 қыркүйек
901
0
Атырау әуежайына ұшақ апатты жағдайда қонды. Оқиға бүгін түнде болған. Жолаушылардың зәре-құтын қашырған бұл жайтқа қатысты FlyArystan әуе компаниясы түсініктеме берді, - деп хабарлайды 24.kz.
Айтуларынша, Алматыға бет алған ұшақта 144 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Әуе кемесі көкке көтерілгенде желдету жүйесі істен шығыпты. Сондықтан ұшқыштар кері қайтуды құп көреді. Бірақ ұшақты тек 2 сағатта әрең қондыра алған.
Мамандар ұшақтағы ақауды лезде жөндеп, қайтадан ұшуға жарамды деп тапса керек. Бірақ кейбір жолаушылар бұл ұшаққа отырудан бас тартыпты. Әуе компаниясы оларға билет ақшасы қайтарылмайды дейді.
Ләззат Нәбиева, FlyArystan әуе компаниясының PR-менеджері:
- Дабыл жүйесі іске қосылды. Өйткені ұшақтың желдеткіштері істен шыққан. Әуе кемесі – ол да техника. Арасында бұзылып тұрады. Мамандар тексеріп шығып, ақауды жөндеді. Қазір ол ұшақ пайдалануға жарамды.