Қазақстан мен Татарстан Ресей империясынан бұрын да бауырлас болатын - министр
2020 ж. 03 қыркүйек
1121
0
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация Татарстан Республикасының жүз жылдық мерейтойына орай Қазан қаласына іс-сапармен барды.
Қазанға жұмыс сапары аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Тараптар екі республиканың ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.
Аида Балаева Татарстанның мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевпен және "Татмедиа" республикалық баспасөз және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің басшылығымен кездесулер өткізді.
"Татмедиа" республикалық агенттігінің басшысы Айдар Сәлімғараевпен болған кездесу достық, ынтымақтастық жағдайында өтті. Кездесу барысында тараптардың ақпараттық және телекоммуникациялық салалардағы өзара ынтымақтастыққа ұмтылысы атап өтілді.
Аида Балаеваның айтуынша, қазақтар мен татарларды байланыстыратын тілдік жақындық түркі халықтарының мәдени байланыстарын нығайту жөніндегі бірлескен жұмыста маңызды роль атқаруы мүмкін.
Қазақстан мен Татарстанды, Ресей империясы пайда болғанға дейінгі дәуірлерде, біздің ата-бабаларымыз Ұлы Жібек жолын бірлесіп игерген кездерде қалыптасқан ортақ этномәдени код пен сан ғасырлық экономикалық қарым-қатынастар байланыстырады. Біздің міндетіміз екі туыс халықтың байланысын үзбеу және оны ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді дамытудың жаңа дәуірінде нығайту - деп атап өтті Аида Балаева.
"Татмедия" өкілі А.Сәлімғараев журналистерге және жұртшылықпен байланыс қызметінің өкілдеріне арналған онлайн-семинарлар өткізу арқылы тәжірибе алмасу үшін тұрақты байланыстарды қолдау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен Татарстанның телевизиялық компаниялары арасында Мәдениет, тіл, тарих және дін саласындағы жобалармен алмасу мүмкіндігі туралы мәселе талқыланды.
Сол күні қазақстандық делегация Қазандағы бірқатар тарихи-мәдени маңызы бар нысандарды аралап, Татарстан Республикасының жүз жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.