Аймақ басшысы журналистермен жүздесті
2020 ж. 28 тамыз
1006
0
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова БАҚ өкілдерінің басшылары мен республикалық телеарна, баспа басылымдарының меншікті тілшілерімен кездесу өткізіп, журналистердің мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Гүлшара Әбдіқалықова БАҚ өкілдеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында жүздесіп отырғанын, журналистердің қоғам алдындағы орны ерекше екенін атап өтті. Алдымен аймақ басшысы облыстағы короновирус індетіне қатысты ахуалды сөз етіп, сонымен бірге алдағы кезеңде жаңа жұмыс орындарын құру, өнеркәсіп өндірістерін көбейту, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын тарқатып берді. Мұнан өзге жылу беру маусымына дайындық мәселесі және жаңа оқу жылын қашықтан ұйымдастыру шараларына айрықша тоқталды. БАҚ өкілдері өз кезегінде әрбір сала басшылары журналистермен тікелей қарымқатынас ұстап, ақпараттық шектеулерге жол бермеу керектігін, өңірдегі басшылар ай сайын онлайн платформалар арқылы журналистермен кездесу ұйымдастырып, ортақ мәселелерді талқыға салатын кері байланыс тетіктерін іске асыруды сұрады. Сол сияқты маман даярлау мәселесін қайта қарап, журналистермен тікелей қызмет жасайтын баспасөз хатшыларының жұмысын жандандыру қажеттігін сауал етіп қойды. Облыс әкімі журналистер тарапынан айтылған әрбір ұсыныстың ескерілетінін атап өтті.
З.Қабиоллаұлы
qazaquni.kz