Оқушылар сенбі күні де сабақ оқи ма - министр жауабы
2020 ж. 28 тамыз
2274
0
"Оқу аптасының ұзартылуы мүмкін бе" деген сұраққа ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
ОКҚ-те өткен брифингте бұл сұраққа жауап бере отырып, Білім министрі оқу аптасын ұзарту туралы шешімді мектептің педагогикалық кеңесі қабылдайтынын атап өтті.
- Бұл мәселе шешімі мектептің құзыретіне жатады. Егер сенбіде оқу керек деп тапса, оған мүмкіндік бар, бұл шешімді педагогикалық кеңес білім беру ұйымының басшысымен бірге қабылдайды, - деді Асхат Аймағаметов.