Өз ұстанымы бар басылым
2020 ж. 19 тамыз
1399
0
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Қазақ үні" газетінің 20 жылдық мерейтойымен редакция ұжымын құттықтады.
***
«Қазақ үні » республикалық қоғамдық-саяси апталық газетінің ұжымына
Құрметті әріптестер!
Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз - «Қазақ үні» газетінің жарық көргеніне 20 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
«Қазақ үні» газеті – еліміздегі өзіндік ұстанымы бар, бағыты айқын, бағдары бекем, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі.
Газет ұжымы еліміздің тыныс-тіршілігін, мемлекеттік саясатты халыққа түсіндіріп қана қоймай, қоғамды рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиеге баулуға өлшеусіз үлес қосып келе жатыр.
«Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси апталық газетінің ұжымына отбасылық бақыт, шығармашылық шабыт тілеймін. Газеттің алар асуы биік, ғұмыры ұзақ болсын!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева