Елімізде коронавирустан айыққандар саны 83 мыңға жуықтады
2020 ж. 17 тамыз
926
0
Қазақстанда өткен тәулікте 1219 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 5 Ақмола облысы - 90 Ақтөбе облысы - 158 Алматы облысы - 84 Атырау облысы - 390 Шығыс Қазақстан облысы - 76 Батыс Қазақстан облысы - 9 Қарағанды облысы - 359 Қостанай облысы - 5 Павлодар облысы - 15 Түркістан облысы - 28 Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 82777.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен бір тәулікте елімізде коронавирус 337 адамнан анықталды. Оның ішінде 172-сі клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.
Осы уақытқа дейін індетке жалпы 103 033 адам шалдықты. Қайтыс болды 1269 науқас.