Шектеу шараларын жеңілдетуден ешқандай қорқыныш жоқ – дәрігер
2020 ж. 14 тамыз
1371
0
Кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Дерматология орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Жұлдыз Данбаева шектеу шараларын жеңілдетуден ешқандай қорқыныш жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Сырқаттанушылар саны да азайып келеді. Халық санитариялық нормаларды орындап, маска тағу режимін сақтап, әлеуметтік қашықтықты ұстанса, шектеу шараларын жеңілдетуден ешқандай қорқыныш жоқ. Шет мемлекеттерде де осы ережелерді сақтап, карантинді біртіндеп жеңілдетіп жатыр. Ол бір жағынан халықтың сана-сезіміне байланысты. Індеттің таралу деңгейі қоғамның әрбір мүшесінің әрекетіне, әр қадамына тікелей байланысты, - дейді ол.
Айта кету керек, мемлекеттік комиссия 2020 жылдың 17 тамызынан бастап барлық өңірде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілері қызмет түрлерінің тізбесін бекітті.