ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНАН АЙНЫМАҒАН БАСЫЛЫМ - Мұрат Әйтенов
2020 ж. 12 тамыз
2169
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов "Қазақ үні" газетінің 20 жылдық мерейтойына орай редакция ұжымын құттықтады.
***
Құрметті Қазыбек Жарылқасынұлы!
Республикалық қоғамдық-саяси «Қазақ үні» газеті редакциясының ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.
Басылым 20 жылдық белесте шынында ұлттың үніне, халықтық басылымға айналды. Ширек ғасырға жуықтаған тарихында газет Алаш зиялылары ұстанған ұлттық идеяны бағдар етті. Ұлт мүддесіне келгенде үндемей қалған кезі жоқ.
«Қазақ үні» – оқырман іздеп жүріп оқитын газет. Атына заты сай ұлттық, тарих, мәдениет, әлеуметік мәселелерді тереңнен қаузап, ана тіліміздің жоқтаушысы бола білді.
Бүгінде басылым қазақ журналистикасының қара шаңырақтарының біріне айналып отыр.
Газет өміршеңдігімен құнды. «Өзі бір күндік, сөзі – мың күндік» газетті заман ағымына сай дамытып, бәсекелестік ортада өзін мойындатуы бұл шынында қажырлы ерлік. Әділдікті ту еткен басылым уақытпен үндесе алға қадам басып келеді. Бұл ретте газет тілшілерінің жанкешті еңбегін атап өту қажет.
Елдік мұрат жолында еселі еңбек етіп жүрген газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Алар асуларыңыз бұдан да көп болғай! Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі