Мәдениет министрі "Қазақ үні" газетінің мерейтойымен құттықтады
2020 ж. 12 тамыз
1394
0
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Қазақ үні» газетін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.
***"Құрметті «Қазақ үні» газетінің ұжымы!
Сіздерді Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан басылымның 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Екі ғасыр тоғысында «Жас қазақ үні» атауымен негізі қаланған басылым тарихнама өлшемімен алғанда қас қағым мезгіл ішінде «Қазақ үні» есімімен қалың қазақтың көзі, құлағы һəм тіліне айналып үлгерді. Тынымсыз да қарбалас салада өнімді жұмысымен ел тұрғындарының жүрегіне жауапкершілік пен жасампаздық сезімін ұялатып, сан саладағы өзекті мәселелерге үн қатып келеді. «Қазақ үні» - лайым қарға тамырлы қазақпен бірге болып, рухани құндылықтарымызды дəріптеп келе жатқан, ұлт баспасөзінде ойып алар орны бар халықтық басылым.
Алдағы уақытта да басылым келелі келешек пен баянды болашақ жолында қоғамды біріктіріп, ерен еңбектің көшін бастап жүре беруіне тілектеспін.
Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, ұжымға шығармашылық шабыт, жемісті жұмыс, телегей табыс тілеймін!",-делінген құттықтау хатында.