ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛ - ӨЗІНЕ СЕНІМДІ ЕЛБАСШЫ (фото/видео)
2020 ж. 27 шілде
1714
0
Әлемдегі дамыған мықты мемлекеттердің бірі Германияның басшысы, канцлер Ангела Меркель бір-екі адамымен бір көшеде бір дүкеннен (болуы керек) шығып, көлігіне отырып кетіп барады. Кәдімгі сіз бен біз секілді...
Өткенде де бұл мемлекет басшысының дүкенде кезекте тұрып, сауда жасап жүрген видеосы тараған еді...Қазақстанның президенттері, тіпті премьер-министрі бір дүкеннен солай шыға келсе, жұрт талып қалатын шығар... Бізде тіпті министрлер, облыс, қала, ауданның әкірең әкімдері, деміне піскен депутаттар олай жүрмейді... Қаптаған нөкерімен жүреді.
Осы видеоны маған жіберген Шымкенттік әріптесіміз Әлімхан Әбжанов:
"Дұрыс! Елдің басшылары осылай жүру керек! Қонаев атамыз да осылай жүрген деп естігенмін!
Ал Шымкентке премьер-министр Мамин келсе әр қиылыста полиция, қонақүйде, аэропортта СОП күзетшілері толып кетеді, жүру мүмкін емес! Соның түрін халықтың 90 пайызы танымайды. кім тиіседі оған?!. Просто, помпезность!"-дейді.
Иә, дұрыс айтады. Алып-қосарымыз жоқ.
Қазыбек Иса,
Қазақ үні