"Сатпаевта халық көшеге шықты" - Тұрғымбаев шұғыл брифинг өткізді
2020 ж. 24 шілде
1732
0
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қарағанды облысы Сәтпаев қаласындағы жағдай туралы шұғыл брифинг өткізуде, деп хабарлайды zakon.kz.
23 шілдеде сағат 21.00-де Жезқазған қаласының тұрғыны 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы Сәтбаев қаласының полиция бөлімшесіне хабарласқан. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды. Қазір қыз ауруханада жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Ұсталған адамның үйінің жанында күдіктіні өздеріне тапсыруды талап еткен наразы адамдар топталып жиналды. Тәртіпсіздіктерді ауыздықтау үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанды, адамдар өз үйлеріне тарады.