ДДСҰ өкілі коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын болуы мерзімін атады
2020 ж. 23 шілде
1010
0
ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын болу мерзімін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Райанның айтуынша, вакцинаның дайын болуы 2021 жылдың бірінші жартысынан кейін орын алады. Ол вакцинаны әзірлеудегі прогресті атап өтті, бірақ препаратты алу мерзіміне қатысты реалист көзқараста болып қалуға шақырды.
Маман сондай-ақ, ДДСҰ вакцинаға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
"Бұл пандемияға қарсы вакциналар байларға да, кедейлерге де арналмаған, олар бәріне ортақ", - деп түйіндеді ол.