"ЕГЕР СІЗ РЕСЕЙДЕ ОРЫС ТІЛІНДЕ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕУДІ ТАЛАП ЕТСЕҢІЗ "НАЦИСТКА" БОЛАСЫЗ БА?!."

"Мені өз елімде қазақ тілінде-мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткенім үшін "НАЦИСТКА" дейді?!." - Жұлдызай Форт

Тіл күрескерлері Жұлдызай Форттың Өскеменде, Ruza Beisenbai Tegi Павлодарда, Қуат Ахметтің Алматыда, Оғыз Доғанның астанамызда (еліміз бойынша 15 миллиондай халықтың) мемлекеттік тілде қызмет ала алмай, тілдік дискредацияға ұшырап, заңды талап етіп, соттасып, күресіп жүргенін көргенде, "Біз қандай елде тұрамыз, әлі Ресейдің отарымыз ба?"-деген масқара ой келеді... Бұл неге отыз жылдан бері билікті ойландырмайды? Біздің 30 жыл болған ТӘУЕЛСІЗ Қазақстанымыздағы масқара: 1. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ туралы заңның жоқтығы; 2. Елді МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ АЯСЫНДА біріктіру орнына ЕКІГЕ БӨЛГЕН ЕКІ ТІЛДІЛІК теріс идеологияның, мемлекеттік мүддеге қарсы қаскүнем саясаттың жеткізген жері осы! "МЫҢМЕН ЖАЛҒЫЗ АЛЫСТЫМ, КІНӘ ҚОЙМА!" (Абай) - Ruza Beisenbai Tegi, Жұлдызай, Оғыз Доған, Қуат Ахмет, Жасұлан Иса, Мұқағали Балқыбай Ұлттық мүдде күрескерлеріне құдай қуат берсін! Қазыбек ИСА, Қазақ үні