"Қазақ радиоларының" ілкімді істері
2020 ж. 18 шілде
1250
0
Өзге БАҚ-ы секілді «Қазақ радиолары» ЖШС -да коронавирус пандемиясымен күрес бағытында елеулі шаралар атқарып, өзінің елмен бірге екендігін айқын көрсетіп келеді. Ел басына күн туған осындай сын сәтте халық саулығын қорғауға септігін тигізетін хабарлар таратып, індеттің одан әрі ушықпауына ықпал етіп келеді. Осы тұста ұлт үнжариясы атқарып жатқан істер туралы оқырман қауымды хабардар етуді құп көрдік.
Елімізде төтенше жағдай жарияланып, халықтың жүріп-тұруы мен қоғамдық орындардың да жұмысы шектелгені бәрімізге белгілі. Мұндайда көпшілікпен байланыс әрі сақтану шаралары мен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің жүгі БАҚ пен әлеуметтік желілерге жүктелгені аян. Елімізді де, дүниежүзін де сергелдеңге салған соңғы айларда байланыс және ақпарат өкілдері үздіксіз еңбек етті. Оның қатарында «Қазақ радиолары» серіктестігі (құрамында Қазақ, «Шалқар», «Астана», «Классик» арнасы) де алғашқы төтенше жағдай жарияланған күннен бері белсенді қызмет етіп келеді. Қашықтан жұмыс істеу режиміне қарамастан, радиоарна эфирлері тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бағдарламалардың дені індеттің алдын алу, күресу, сақтық шараларына бағытталып, эфир кестесі осы тақырыптағы аудиороликтермен де толықты. Төтенше жағдай кезінде өзекті болған мәселелерге қатысты спикерлермен күнделікті сұхбат жүргізілді. «Қазақ радиосы» коронавирус індетімен күрес бағытында төмендегідей бағдарламаларды ел назарына ұсынып, ел саулығын сақтауға мейілінше зор үлес қосты. Атап айтқанда, «Бірінші байлық» – денсаулық туралы бұрыннан бар хабар. Аптасына бір рет эфирге шығады. Хабарға Алматы қаласындағы Медициналық университеттің ғылыми мамандары мен дәрігерлер тұрақты шақырылып тұрады. «Армандастар» – кешкілік көңілашар хабар.
Жүргізушілер жеңіл түрде індеттің алдын алу туралы ақпараттар беріп отырады. Хабар жұмыс күндері шығады, аптасына вирусқа қарсы шаралар туралы тақырып та айтылады. «Басты тақырып» – хабарға ресми орган өкілері мен дәрігер мамандар қатысады. Астана медициналық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі. Жұмыс күндері күнделікті эфирге шығады. «Тема дня» – ресми орган өкілері мен дәрігер мамандар шақырылады. Астана медиицналық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі. «Болашақ» – Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының қызметі, нәтижесі мен түлектеріне арналған хабар. Карантин кезінде сұқбатқа бағдарламамен шетелде білім
алып келген білікті медицина мамандары шақырылды. Апта сайын эпидемиолог, вирусолог, генетик, нейрохирург, т.б. мамандар өз кеңестерімен бөлісіп келеді. Хабардың кей саны шетелдік мамандармен де тікелей байланыс арқылы жасалды. «Ұлт саулығы» хабары апта сайын вирус жұқтырғандар жайында ақпар беріп дәрігерлермен білікті мамандармен сұқбатты тікелей эфирде қазақ және орыс тілдерінде жүргізіп келеді, «Специальный выпуск» хабарында тыңдаушымен тікелей эфирде сұрақ жауап форматында мамандармен кеңес беріліп келеді... Енді «Шалқар» радиосының коронавирус індетімен күрес бағытындағы бағдарламаларына тоқталып өтсек. «Жандауа» – денсаулық туралы интерактив форматындағы хабар. Оған Нұр-Сұлтан қаласынан практик және теоретик медицина мамандары шақырылады. Тікелей эфирдегі хабарда телефон арқылы
тыңдармандар сауалдарына жауап беріледі. «Шипагер» – Шығыс медицинасының қыр-сырына арналған сұқбат форматындағы хабар. Нұр-Сұлтан қаласынан шығыс медицинасы мен дәстүрлі медицина саласының білікті мамандары спикер ретінде шақырылады. Хабарда телефон арқылы тыңдармандар сауалдарына жауап беріледі. «Шалқар шаңырағында», «Арнайы хабар», «Тұғыр», «Нысана» хабарлары арқылы үгітнасихат, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Індетпен күрес кезінде «Астана» радиосы да ілкімді істердің атқарылуына мұрындық болып келе жатқанын атап өту ләзім. Атап айтқанда, «Астана» радиосының «Медицина для всех», «Арнайы репортаж», «Біздің уақыт», «Личный выйбор» бағдарламалары арқылы індеттің алдын алу мен қорғану мәселесіне қатысты ақпарат айтылады. Медицина мамандары, ресми орган өкілері сұқбат береді. Сондай-ақ серіктестік құрамына кіретін «Қазақ», «Шалқар», «Астана», «Классик» радиолары арқылы күніне түсіндірме, ақпараттық негіздегі аудиороликтер ұсынылып келеді. Онда вирустың алдын алу, онлайн сауда мен е-гов қызметтерін үйден шықпай пайдалану, пойыздарда қауіпсіз жүріп тұру, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кол орталығы туралы, коронавирусқа қатысты ақпарат топтастырылған сайт туралы (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арнайы іске қосқан сайт) ақпарат беріледі. Әрбір аудиоролик қайталауымен күніне елу-алпыс рет эфирге және сайт пен әлеуметтік желілерге беріледі. Одан соң күніне Қазақ радиосынан он екі рет (екі тілде) жаңалықтар топтамасы шы ғады. Әр шығарылымында коронавирус жайлы ақпарат міндетті түрде айтылады. Президенттің, Үкіметтің осы індетке байланысты атқарып жатқан шараларын халыққа жеткізу мақсатында. Жаңалықтар топтамасы «Шалқар» радиосынан таза қазақ тілінде күн сайын төрт рет тыңдарманға жол тартты. «Астана» және «Классик» радиоларынан да төрт реттен беріліп отырды. Қорыта айтқанда, қай кезде де өзінің елмен бірге екендігін көрсеткен «Қазақ радиолары» ЖШС алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы жұмыстарын бұдан әрі жандандыра түспек.
Гүлмира БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
qazaquni.kz