Карантин кезінде той жасағандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
2020 ж. 16 шілде
1050
0
Әділет министрі Марат Бекетаев карантин тәртібін сақтамай, той жасағандар қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мұндай жағдайда тиісті Заң бабына сәйкес, алғашқы жағдайда айыпталушыға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай шаралардың барысында азаматтар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың да көлемі айтарлықтай көп болады. Ал оқиғаның салдары жағымсыз жағдайға апарса, қылмыстық іс те қозғалуы ықтимал», - деді Марат Бекетаевқа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек бұған дейін Марат Бекетаев көктемгі карантинде қазіргі, яғни жазғы карантиндегідей айыппұл неліктен салынбағанын түсіндірген болатын.
«Тәртіп қатая түсті. Қазіргі уақытта бұл ережелер қоғамдық орындағы, жабық нысандардағы және көліктегі азаматтардың әрекетіне байланысты. «Олар өзін қалай ұстауы керек? Ережені бұзса, қалай жазаланады? Заңбұзушыға қандай әкімшілік жаза тағайындау керек?» деген сұрақтар төңірегінде пікірталас көп болды. Көктемде ҚР ӘҚБжК 476-бабы қолданылса, қазір 425-бап бойынша азаматтар жазаланып жатыр», - деді ол.