Жансейіт Түймебаевтың анасы қайтыс болды
2020 ж. 09 шілде
1709
0
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың анасы қайтыс болды.
Суық хабарды кеше есіттік. Аяулы ананың қазасы -ең ауыр қаза! Анаңыздың арты қайырлы болсын, Жансейі Қансейітұлы! Алла алдынан жарылқасын!
Жақсы адам, жайсаң жан еді, жарықтық. Қолынан дәм татып едік 1999 жылы. Өзіңіздей мемлекет және қоғам қайраткерін, ұлттық мүддені қорғай білетін, руханиятқа қамқор рухы биік азаматты өсірген анаңыздың пейіште нұры шалқи бергей!
Алла өзі панасына алсын! Алды пейіш, арты кеніш болғай! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Құдай өздеріңізге, ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін.
Иманы саламат болсын!
Қазыбек ИСА,
Қазақ үні