Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға келді
2020 ж. 07 шілде
1083
0
Нұр-Сұлтан қаласына Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің және Роспотребнадзордың бір топ дәрігері келді, деп хабарлайды Stan.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"32 адамнан тұратын топқа эпидемиолог, вирусолог және басқа да бейінді бағыттардағы дәрігерлер кірді», - делінген хабарламада.
Ресейлік мамандар қазақстандық дәрігерлерге коронавирус пандемиясымен күресуде консультациялық және практикалық көмек көрсететін болады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен достас халқына алғысын білдіреді.