Тоқаев дәрі-дәрмектің жөнсіз қымбаттауына кінәлілерді жазалайды
2020 ж. 06 шілде
1127
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен құқық қорғау органдарына дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауы мәселесін реттеуді тапсырды, деп хабарлайды "Қазақ үні".
Президент бұл туралы twitter-де жазды.
- Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады, - делінген жазбада.