Көше атауы тек қазақ тілінде жазылуға тиіс
2020 ж. 04 шілде
3117
0
Ия, көше атауы тек қазақ тілінде жазылуы қажет.
Қазақ тілінің мəртебесін арттыруда көшелердің қазақ тілінде жазылуының орыны орасан зор. Себебі елде жүргенде қарсы маңдайдан алдымен көзге шалынатын осы көше атаулары. Көше атаулары қазақ сөзімен безбенделсе оны көрген жолаушы, жүргіншілер солай оқуға дағдыланады. Сырттан келушілер не шетелдіктер мынау қандай сөз, не мағына береді дегендей кішкене болса да қазақ тіліне көңіл аударады.Оның жазылуына назар салады. Осының өзі де қазақ тілінің беделді тіл болуына септігін тигізбесе, еш зиянын келтіре қоймас.
Тап қазіргі кезеңге байланысты қазақ тілі мəртебесін тіктеудегі негізгі мәселелердің бірі осы-көше атауларының қазақ тілінде жазылуын жолға қою мəселесі.
Онсыз да мекеме құжаттарындағы қостілділік, мектеп оқулықтарындағы үштілділік қазақ тілінің дамуына аз кедергі келтірмейтіндігі бесенеден белгілі.
Көше атаулары қазақ тілінде жазылып, қарсы маңдайдан "'Мен-қазақ жазуымын! " деп айқайлап тұрар болса, əрине елге де айбын-көрік беріп, қазақ тілінің бедері мен беделінің нығаюына да үлкен септігін тигізетіндігі сөзсіз. Соның үшін де көше атауларының тек қазақ тілінде жазылғаны орынды.
Наурызбай Жарбосынұлы,
Қазақ үні