Фейсбукке күмәнді жазба қалдырған Қуандық Шамахайұлы 6 сағаттан соң қайтыс болды
2020 ж. 29 маусым
14812
0
Белгілі қоғам қайраткері Қуандық Шамахайұлы Нұр-Сұлтандағы 1-ші клиникада қайтыс болды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Оған дейін небары алты сағат бұрын фейсбук әлеуметтік желісінде күмәнді жазба қалдырған журналист Қуандық Шамахайұлы коронавирустан емделіп жатқан екен.
- Астанадағы Бірінші клиникадағы КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер ковид тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 2:00-де дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджгіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десесем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əреккеттері күмəнді. Ещтеңе түсіндірмейді, - деп жазды ол соңғы жазбасында.
Белгілі қаламгер, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Қуандық Шамахайұлы отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз. Алды пейіш, арты кеніш болып, Алла алдынан жарылқасын. Иманы саламат болсын!