Түркістанның әкімі коронавирус жұқтырды

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов коронавирус жұқтырды, депхабарлайды Oinet.kz тілшісі.

- "Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр. Жұмыс барысымен, күнделікті, адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр", - деп жазды қала әкімі өзінің Facebook-тегі парақшасында. Ол өзін-өзі оқшауланғанын атап өтті.

- "Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді", - деді Рашид Аюпов.

Әкімнің сөзінше, әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсырады.

- "Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Дендеріміз сау, жақындарымыз аман болсын!", - деп түйіндеді Түркістан әкімі.