Қытайдан қашып, шекараны заңсыз кескен қос қазақ жігіті бостандыққа шықты
2020 ж. 23 маусым
1217
0
Қазақстан шекарасын заңсыз кескені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылған Қытайдан келген этникалық қазақтар Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлы бостандыққа шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Адвокат Ляззат Ахатова олардың бүгін таңертең колониядан шыққанын, енді жолға шыққанын растап, Facebook-те жазба жариялады.
"Екі бауырымыз ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандықта!!! Кешелі бері хабарласып жатқан, екі жігіттің түрмеден босаған кезінде жанында боламыз деген семейлік ағайыннан, басқа да бауырлардан, журналистерден үлкен КЕШІРІМ сұраймыз! Мұрагердің әпкесі Нұргүлге колониядан хабарлағанда, бүгін 11 00-де келіп, алып кету керек деген болатын. Біз келем деушілерге сол уақытты айтып едік. Алайда, таңғы сағат 6 00-де, ұйқыдан телефон қоңырауы оятты. Колониядан хабарласып, тез келуімізді сұрады. Себебін келген соң естисіздер деген соң, үрейленіп, тез арада киініп, не болды деп, Нұргүл, Әділ (Нұргұлдің жолдасы) үшеуміз колонияға жеттік. Телефондарымызды тапсырып, ішке кіргенде, мекеме басшысы алдымыздан шығып, екі жігітті ешкіммен байланыстырмай, алып шығуымызды өтінді. Өйткені, мекемеден короновируспен ауырғандар шығып жатыр екен. “Екеуінің де, басқа адамдардың да денсаулығы мен өмірін ойлаңыздар. Қазір осындай кезең, вирус ошағы Семейден шығып жатыр. Қастердің де ыстығы көтеріліп, біраз ем қабылдады”- деген соң, таңғы 7 00-де қаладан шығып кеттік. Таң азанымен хабарласып, елдің ұйқысын бұзуды жөн санамай, ешкімге хабарласып, жағдайды айтпадық. Құрметті БАУЫРЛАР!!! Қолдауларыңызға, ниеттеріңізге, азаматтықтарыңызға МЫҢ АЛҒЫС!!! Айыпқа бұйырмаңыздар! Елдегі, әлемдегі жағдайды көріп отырсыздар. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз! Қастер мен Мұрагер Сіздерге дұғай-дұғай сәлемін, шынайы алғыстарын қайта-қайта айтып жатыр. Қазір қуаныштан өздеріне келе алмай отыр. “Түнімен ұйықтамадық, 5 сағат қалды, екі жарым сағат қалды деп, минут санап кеттік”-дейді)) Эфирге шығып, қолдаған, тілекші болған халыққа бір ауыз лебіздерін білдіруді сұраған едім. “Қазір жүректің дүрсілі әлі басылмады. Сасқалақтап қаламыз, сәл өзімізге келіп алмасақ, айтар сөзімізден жаңылып қалатын сияқтымыз”-деді. Тілекші болған барша бауырларға Алланың нұры жаусын!!! Жақсы күндерде жақсы хабарлармен жолыққанша!" делінген жазбада.