Елордада мас жүргізуші екі жасар бала мен екі бойжеткенді қағып кетті
2020 ж. 23 маусым
1255
0
Елордада мас жүргізуші 3 азаматты қағып кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.
22 маусым сағат 21:03-де, Бейсекова көшесінен Қосшығұлұлы көшесімен келе жатқан 1986 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы "Мазда" маркалы автокөлігі қарама-қарсы бетке шығып кеткен. Жаяу жүргіншілер жолағында келе жатқан 2001, 2002 және 2018 жылы туған азаматтарды қағып кетті. Оқиғадан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі масаң күйде болған, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан уақытша ұстау изоляторына қамалды.